Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 90 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 наурызда № 3721 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Оразхан Руслан Қонысбайұлына жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Қрықбаев

  Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 14 ақпандағы
№ 90 қаулысына қосымша

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі.

      1. "Т.Рысқұлов ауданының ауылдық округтер әкімі аппараттары коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы" Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 42 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2569) болып тіркелген, "Құлан таңы" газетінде 2015 жылы 10 сәуірінде №31 (7075) жарияланған);

      2. "Субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы" Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі №303 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3162) болып тіркелген, "Құлан таңы" газетінде 2016 жылы 27 қыркүйекте №86-87 (7237-7238) жарияланған);

      3. "Субсидияланатын басым ауыл аруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 303 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы №383 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3235) болып тіркелген, "Құлан таңы" газетінде 2016 жылы 09 желтоқсанда №116 (7267) жарияланған);

      4. "Ауыл шаруашылығы дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы №39 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3346) болып тіркелген, "Құлан таңы" газетінің 2017 жылғы 24 наурызында № 23 (7297) жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады