Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 30.12.2020 № 470 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №197 "Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2629 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 мамырдағы "Тоқырауын тынысы" газетінің № 21 (7441) санында, 2014 жылғы 21 шілдедегі "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтоғай ауданындағы әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларында:
25-2 тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Мангишев |
Мәслихат хатшысы | Р. Әбеуов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Ақтоғай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының уақытша міндетін атқарушы |
__________________ Қ.С. Бекишева |
2017 жылғы 19 қыркүйек