Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 470 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 14 қаңтарда № 6162 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 120 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 24.01.2024 № 120 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және аудандағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ақтоғай аудандық маслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, Ақтоғай аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы С. Бакиров

  Ақтоғай аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 30
желтоқсандағы
№ 470
шешіміне
1 қосымша

Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, онын мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Ақтоғай ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша облыстардағы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы статистика органдары есептейтін облыстардағы мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;

      8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрдегі қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.

      4. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңында және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңында көрсетiлген адамдарға әлеуметтiк көмек осы Қағидаларда көзделген тәртiппен көрсетiледi.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

      2) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;

      3) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      4) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;

      5) 1 қазан - Қарттар күні;

      6) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсізідік күні.

      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың жергілікті атқарушы орган бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі:

      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi;

      2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы темiржол учаскелерінде, қорғаныс шептерiнің, әскери-теңiз базалары мен әуеайлақтардың құрылыс жайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлер.

      Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      3) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

      4) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;

      5) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;

      6) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;

      7) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

      8) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекет аралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      9) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      10) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      11) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдары;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдар;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;

      12) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;

      қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттардағы жұмысшылар мен қызметшiлер;

      1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедек болған адамдар;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;

      13) Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері;

      14) "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдар;

      15) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

      16) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

      17) қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, атап айтқанда:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің отбасылары;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасылары;

      бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары;

      18) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);

      19) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;

      20) 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер;

      21) бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi;

      22) жетпіс бес және одан жоғары жастағы зейнеткерлер;

      23) Ақтоғай ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар көпбалалы және аз қамылған отбасылар;

      24) 1 және 2 топтағы мүгедектер.

      9. Азаматтардың өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      10. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері 55 еселік айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      11. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң мөлшерi облыстың жергілікті атқарушы орган келiсiмi бойынша бiрыңғай мөлшерде белгiленеді.

      12. Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек үшін өтініш білдіру мерзімі – табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындағаннан кейін үш ай ағымында.

      13. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      14. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекiтетiн тiзiм бойынша көрсетiледi.

      15. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

      3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.

      16. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      17. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.

      18. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнің материалдық жағдайына тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Қағидаларға 1, 2 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерi жiбередi.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.

      19. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      20. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

      21. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      22. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

      23. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      24. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

      25. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарғанда;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      26. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру аудандық бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      27. Әлеуметтiк көмек:

      1) алушы қайтыс болғанда;

      2) алушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      28. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      29. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингiн және есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.

  Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік
көмек көрсетудің оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидасына
  1-қосымша

Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ 20____ жылғы " _____" ________________

      _________________________________________________________________________

      (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________

      _______________________________________________________________________

      2. Тұратын мекенжайы ___________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай _________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________.

      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде:

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірдегі қиын жағдай

1

2

3

4

5

6

7

8

















      Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.

      Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________.

      5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):

      ______________________________________________________________________.

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________.

      Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына

1

2

3

4

5

6







      6. Мыналардың:

      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________.

      қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

      _______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________.

      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________.

      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): _____________________

      ______________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі:

      ______________________________________________________________________

      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы:

      ______________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы: ____________________________________________________

      Комиссия мүшелері: ___________________________________________________

      ___________________________ __________________________________________

      ___________________________ __________________________________________

      (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты)

      Жасалған актімен таныстым: ____________________________________________

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

      ________________________________________________________________________

      Тексеру жүргізілуден бас тартқан __________________________________________

      Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

      ________________________________________________________________________

      (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

      Күні _______

  Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік
көмек көрсетудің оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидасына
2 қосымша

Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

      20 __ ж. "____" _________________

      Учаскелік комиссия Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек

      көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж

      азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына

      сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек

      алуға өтініш берген адамның (отбасының) _____________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар

      және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру

      нәтижелерінің негізінде _____________________________________________

      (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

      адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты

      әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады

      Комиссия төрағасы: __________________ _______________________

      Комиссия мүшелері: __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      (Т.А.Ә.) (қолдары)

      Қорытынды қоса берілген құжаттармен ____________________ данада

      20 __ ж. "___" ___________ қабылданды

      Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе

      уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________

  Ақтоғай аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 30
желтоқсандағы
№ 470
шешіміне
2 қосымша

Ақтоғай аудандық мәслихатының кейбір күшін жойған шешімдері

      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі 21 сессиясының "Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" №197 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемекеттік тіркеу Тізілімінде № 2629 болып тіркелген, 2014 жылы 20 мамырда аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінде № 21 (7441), 2014 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқытық жүйесінде жарияланған).

      2. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы 26 сессиясының "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі 21 сессиясының "Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" № 197 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 243 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемекеттік тіркеу Тізілімінде № 2813 болып тіркелген, 2014 жылы 21 қарашада аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінде № 48 (7468), 2014 жылы 27 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі 2 сессиясының "Ақтоғай аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 197 "Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 22 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемекеттік тіркеу Тізілімінде № 3768 болып тіркелген, 2016 жылы 06 мамырда аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінде № 18 (7546), 2016 жылы 16 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі, 2016 жылы 17 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкісінде жарияланған).

      4. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы 4 сессиясының "Ақтоғай аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 197 "Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 43 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемекеттік тіркеу Тізілімінде № 3888 болып тіркелген, 2016 жылы 25 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі 6 сессиясының "Ақтоғай аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 197 "Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 60 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемекеттік тіркеу Тізілімінде № 3980 болып тіркелген, 2016 жылы 21 қазандағы аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінде № 43 (7569), 2016 жылы 26 қазанда Электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі, 2016 жылы 09 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 шілдедегі 14 сессиясының "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі 21 сессиясының № 197 "Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" № 136 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемекеттік тіркеу Тізілімінде № 4326 болып тіркелген, 2017 жылы 04 тамызында Электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде жарияланған).

      7. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 19 қыркүйектегі 15 сессиясының "Ақтоғай аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 197 "Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 145 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемекеттік тіркеу Тізілімінде № 4370 болып тіркелген, 2017 жылы 11 қазанда Электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 қарашадағы "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 197 "Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 252 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемекеттік тіркеу Тізілімінде № 5030 болып тіркелген, 2018 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      9. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 197 "Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 346 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемекеттік тіркеу Тізілімінде № 5596 болып тіркелген, 2019 жылы 23 желоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      10. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 сәуірдегі "Ақтоғай аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 197 "Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" № 369 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемекеттік тіркеу Тізілімінде № 5786 болып тіркелген, 2020 жылы 07 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады