Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі 21 сессиясының № 197 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 мамырда № 2629 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 470 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 30.12.2020 № 470 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және аудандағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы бекітілсін.

      2. Ақтоғай аудандық мәслихатының 11 сессиясының 2013 жылғы 13 ақпандағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары мен әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы" № 108 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2220 болып тіркелген, 2013 жылғы 22 наурыздағы № 10 (7380) "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету шығындары "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" 451007 бағдарламасы бойынша аудан бюджетінен қарастырылған қаржы шегінде қаржыландырылады.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы

Н. Шуланова

Аудандық мәслихат хатшысы

М. Оңғарқұлов

КЕЛІСІЛДІ:


"Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту


және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің басшысы

Т. Жармағанбетов


      11 сәуір 2014 жыл

  Ақтоғай аудандық мәслихатының
2014 жылғы 11 сәуірдегі
№ 197 шешімімен
бекітілген

Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы

      1. Осы Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Ақтоғай ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Ақтоғай ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртiбiн белгiлейдi.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша Ақтоғай ауданы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;

      6) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкiлеттi орган – "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      9) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн Ақтоғай ауданы әкімiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтоғай аудандық мәслихатының 12.04.2016 № 22 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10) шектi мөлшер – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.

      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетiлген адамдарға әлеуметтiк көмек осы Қағидаларда көзделген тәртiппен көрсетiледi.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні (9 мамыр);

      2) алынып тасталды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 28.09.2016 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен;

      3) Қарттар күні (1 қазан).

      4) Мүгедектер күні (қазан айының екінші жексенбісі).

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтоғай аудандық мәслихатының 22.10.2014 № 243 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.06.2016 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.09.2016 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімдерімен.

      7. Учаскелiк және арнайы комиссиялар өз қызметiн облыстың ЖАО бекiтетiн ережелердiң негiзiнде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесiн айқындау және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерiн белгiлеу тәртiбi

      8. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі:

      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар:

      бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңiнде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі – КСРО) қорғау жөнiндегi басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия флот құрамына кiрген бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшiлер, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргiзушiлерi;

      2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар:

      қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар;

      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдар;

      Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi;

      қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;

      басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:

      бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі – АЭС) апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар;

      3) Ұлы Отан соғысының мүгедектері:

      бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, партизандар мен астыртын күрес жүргiзушiлер қатарында болған адамдар, сондай-ақ бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезiнде майданда, ұрыс қимылдары жүргiзiлген аудандарда, майдан маңындағы темiр жол учаскелерiнде, қорғаныс шептерiн, әскери-теңiз базалары мен аэродромдар салу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әрi зейнетақымен қамсыздандырылуы жағынан әскери қызметшiлерге теңестiрiлген жұмысшылар мен қызметшiлер;

      4) Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;

      әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар;

      1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин КСР-ы, Беларусь КСР-ы, Литва КСР-ы, Латыш КСР-ы, Эстон КСР-ы аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқаруға кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар;

      басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер;

      Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары;

      5) соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары:

      қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, атап айтқанда:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң басқа да мiндеттерiн (қызмет мiндеттерiн) атқару кезiнде жаралану, контузия алу немесе зақымдану нәтижесiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығу салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, партизандардың, астыртын күрес жүргiзгендердiң, Қағидалардың осы тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген адамдардың отбасы;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы;

      бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы;

      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы;

      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасы;

      қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған) адамның асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төленетiн балалары мен асырауындағы басқа да жандар;

      қайталап некеге отырмаған ата-ана, зайып (жұбай);

      қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар, сондай-ақ 1988 – 1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;

      1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүрiп жатқан басқа да мемлекеттерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер;

      бұрынғы КСР Одағы Мемлекет қауiпсiздiгi комитетiнiң Ауғанстанда уақытша, болған және совет әскерлерiнiң шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi;

      6) Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) адамдар;

      7) 18 жасқа толмаған мүгедек балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      8) жетпіс бес және одан жоғары жастағы зейнеткерлер;

      8-1) Ақтоғай ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар көпбалалы және аз қамтылған отбасылар;

      9) 1 және 2 топтағы мүгедектер;

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтоғай аудандық мәслихатының 02.04.2020 № 369 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ақтоғай аудандық мәслихатының 22.11.2018 № 252 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Ақтоғай аудандық мәслихатының 13.12.2019 № 346 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімдерімен.

      10. Әлеуметтiк көмектiң шектi шамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күнтізбелік жылға бекітілген 55 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      11. Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек үшін өтініш білдіру мерзімі – табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындағаннан кейін үш ай ағымында.

      12. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң мөлшерi облыстың ЖАО келiсiмi бойынша бiрыңғай мөлшерде белгiленеді.

      13. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      14. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекiтетiн тiзiм бойынша көрсетiледi.

      14-1. Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек кірісті есепке алмай, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа да санаттарына жылу беру маусымының 7 айына (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) әлеуметтік көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей, әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі ауданның уәкiлеттi органының ұсынымына сәйкес тiзiм бойынша көрсетiледi.

      Отбасында екі немесе одан да көп адамдардың ай сайынғы коммуналдық қызметтерге материалдық көмек алуға құқығы болған жағдайда төлем отбасы мүшелерінің таңдауы бойынша тек біреуіне ғана төленеді.

      Ескерту. Қағида 14-1-тармақпен толықтырылды - Ақтоғай аудандық мәслихатының 11.07.2017 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      15. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе село әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) алынып тасталды - Ақтоғай аудандық мәслихатының 13.12.2019 № 346 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен;

      3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;

      4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;

      5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтоғай аудандық мәслихатының 13.12.2019 № 346 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      16. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.

      16-1. Өтініш беруші әлеуметтік келісімшарт бойынша әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген жағдайда азаматпен әңгімелесу жүргізіледі.

      Ескерту. Қағида 16-1-тармақпен толықтырылды - Ақтоғай аудандық мәслихатының 12.04.2016 № 22 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе село әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.

      18. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнің материалдық жағдайына тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Қағидаларға 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерi жiбередi.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.

      19. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      20. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

      21. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      22. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

      23. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 19 және 20 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      24. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

      25. Алынып тасталды - Ақтоғай аудандық мәслихатының 29.06.2016 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      25-1. Әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан шарттарда және отбасы (адам) мүшелерінің, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты әрекет ететін мерзім ішінде әлеуметтік беймделу қажет болған жағдайда көрсетіледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш айға біржола төленеді.

      Ескерту. Қағида 25-1-тармақпен толықтырылды - Ақтоғай аудандық мәслихатының 12.04.2016 № 22 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      25-2. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 19.09.2017 № 145 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Қағида 25-2-тармақпен толықтырылды - Ақтоғай аудандық мәслихатының 12.04.2016 № 22 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Ақтоғай аудандық мәслихатының 29.06.2016 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 19.09.2017 № 145 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      25-3. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.

      Ескерту. Қағида 25-3-тармақпен толықтырылды - Ақтоғай аудандық мәслихатының 12.04.2016 № 22 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      25-4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызу арқылы беріледі, екіншісі – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған уәкілетті органда сақталады.

      Ескерту. Қағида 25-4-тармақпен толықтырылды - Ақтоғай аудандық мәслихатының 12.04.2016 № 22 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      26. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарғанда;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      27. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру аудандық бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

      28. Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару арқылы жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      29. Әлеуметтiк көмек:

      1) алушы қайтыс болғанда;

      2) алушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      30. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      31. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингiн және есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - Ақтоғай аудандық мәслихатының 12.04.2016 № 22 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік
көмек көрсетудің оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидасына
1 қосымша

      Отбасыны тіркеу нөмірі ____________

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақтоғай аудандық мәслихатының 22.10.2014 № 243 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      _________________________ ________________________

      (Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекен жайы, тел.)

Р/с №

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған жылы














      Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________

      Отбасының құрамы туралы

      мәліметтерді куәландыруға уәкілетті

      органның лауазымды адамының Т.А.Ә. __________________

      (қолы)

  Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік
көмек көрсетудің оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидасына
2-қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның
(отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      20 __ ж. "___" _________________ ________________________

      (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. __________________________________________

      2. Тұратын мекенжайы ________________________________________________

      3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік

      қиын жағдай ________

      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______ адам,

      оның ішінде:

р/с

Т.А.Ә.

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірлік қиын жағдай


























      Еңбекке жарамды барлығы ____________________________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ___ адам.

      Балалардың саны: _____________________________________________ жоғары

      және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _________ адам, оқу

      құны жылына ______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы

      мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы

      мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан

      қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер,

      туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың,

      мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты

      қосу керек) _________________________________________________________

      5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген

      тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй

      немесе өзгеше - көрсету керек): _____________________________________

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: ______________________________

      Отбасының табысы:

Р/с

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеп пен айына




















      6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық

      беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) _________

      ________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып

      жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен

      мәлімделген табыс) __________________________________________________

      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):______

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):_______________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз

      етілуі ______________________________________________________________

      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы ___________

      Комиссия төрағасы: _____________________ ________________________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Комиссия мүшелері: _____________________ ________________________

      _____________________ ________________________

      _____________________ ________________________

      _____________________ ________________________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Жасалған актімен таныстым: __________________________________________

      Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы

      Тексеру жүргізілуден бас тартамын ___________________________________

      өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің

      бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні

      _____________________________________________________________________

      (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

      Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік

      көмек көрсетудің оның мөлшерлерін

      белгілеудің және мұқтаж азаматтардың

      жекелеген санаттарының тізбесін

      айқындаудың Қағидасына

      3-қосымша

Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

      20 __ ж. "____" _________________

      Учаскелік комиссия Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек

      көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және аудандағы мұқтаж

      азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына

      сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек

      алуға өтініш берген адамның (отбасының) _____________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар

      және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру

      нәтижелерінің негізінде _____________________________________________

      (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

      адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты

      әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады

      Комиссия төрағасы: __________________ _______________________

      Комиссия мүшелері: __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      (Т.А.Ә.) (қолдары)

      Қорытынды қоса берілген құжаттармен ____________________ данада

      20 __ ж. "___" ___________ қабылданды

      Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе

      уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады