Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.03.2024 № 10/101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі №2/22 "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-17-133 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы №21(10.382) "Шет Шұғыласы" газетінде жарияланған), келесі толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесі (бұдан әрі – Ереже):
мынандай мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Тұрғын үй көмегін аса жоғары немесе төмен сомасын тағайындауға әкеліп соқтырған, дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, көмекті тағайындау және төлеу оны тағайындау кезеңіне тоқтатылады, ал тұрғын үй көмегі түрінде алынған сомалар ерікті тәртіппен, бас тартқан жағдайда - сот тәртібінде қайтаруға жатады.";
Ережесіндегі қосымша алып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы |
Б. Төлеуқұлов |