Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2/22 шешіміне толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 қазандағы № 16/128 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қазанда № 4424 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 10/101 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.03.2024 № 10/101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:

      1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі №2/22 "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-17-133 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы №21(10.382) "Шет Шұғыласы" газетінде жарияланған), келесі толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесі (бұдан әрі – Ереже):

      мынандай мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Тұрғын үй көмегін аса жоғары немесе төмен сомасын тағайындауға әкеліп соқтырған, дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, көмекті тағайындау және төлеу оны тағайындау кезеңіне тоқтатылады, ал тұрғын үй көмегі түрінде алынған сомалар ерікті тәртіппен, бас тартқан жағдайда - сот тәртібінде қайтаруға жатады.";

      Ережесіндегі қосымша алып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихаттың
хатшысы
Б. Төлеуқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады