Қызылорда қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкетуге арналған тарифтерді бекiту туралы

Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 85-13/3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 мамырда № 5852 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 297-55/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 04.02.2020 № 297-55/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкетуге арналған тарифтер қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

      2. "Тұрмыстық қатты қалдықтарды әкетуге арналған тарифтерді бекiту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 22 мамырдағы № 17/2 шешiмiнің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4464 болып тiркелген, 2013 жылдың 26 маусымында "Ақмешіт ақшамы" № 25 (1535) және "Ел тілегі" № 26 (280) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық Қызылорда қалалық
      мәслихатының кезектен тыс мәслихатының хатшысы
      ХІІІ сессиясының төрағасы
      Т. МАҚАШОВ Р. БОХАНОВА
      "КЕЛIСIЛДI"
      "Қызылорда қалалық тұрғын
      үй-коммуналдық шаруашылық
      және тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
      коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _____________ Қ.Әбсұлтанов
      "22" мамыр 2017 жыл

  Қызылорда қалалық мәслихатының
  2017 жылғы 22 мамырдағы
  №85-13/3 шешіміне қосымша

Қызылорда қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкетуге арналған тарифтер

Атауы

Есептiк бiрлiк

Баға, теңгемен
(ҚҚС қосқанда)

1

Заңды тұлғалар және
жеке кәсiпкерлiк
субъектiлерi

1 м3

1 786

2

Жеке тұлғалар

1 адам/айына

149

      Аббревиатуралардың таратылып жазылуы:

      "м3" - текше метр

      "ҚҚС" - қосылған құн салығы

Об утверждении тарифов на сбор и вывоз твердых бытовых отходов по городу Кызылорда

Решение Кызылординского городского маслихата от 22 мая 2017 года № 85-13/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 30 мая 2017 года № 5852. Утратило силу решением Кызылординского городского маслихата от 4 февраля 2020 года № 297-55/5

      Сноска. Утратило силу решением Кызылординского городского маслихата от 04.02.2020 № 297-55/5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 9 января 2007 года "Экологический кодекс Республики Казахстан" и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Кызылординский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить тарифы на сбор и вывоз твердых бытовых отходов по городу Кызылорда согласно приложению.

      2. Признать утратившим силу решение Кызылординского городского маслихата от 22 мая 2013 года № 17/2 "Об утверждении тарифа на вывоз твердых бытовых отходов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4464, опубликовано в газетах от 26 июня 2013 года № 25 (1535) "Ақмешіт ақшамы" и № 26 (280) "Ел тілегі").

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной Секретарь Кызылординского
      ХІІІ сессии Кызылординского городского маслихата
      городского маслихата
      Т. МАКАШОВ Р. БОХАНОВА
      "СОГЛАСОВАНО"
      Руководитель коммунального
      государственного учреждения
      "Кызылординский городской
      отдел жилищно- коммунального
      хозяйства и жилищной инспекции"
      _________________ К.Абсултанов
      "22" мая 2017 года

  Приложения
  к решению Кызылординского
  городского маслихата
  от 22 мая 2017 года № 85-13/3

Тарифы на сбор и вывоз твердых бытовых отходов по городу Кызылорда

Наименование

Расчетная единица

Цена, в тенге
(с учетом НДС)

1

Юридические лица и субъекты частного предпринимательства

1 м3

1 786

2

Физические лица

1 человек/ в месяц

149

      Расшифровка аббревиатур:

      "м3" - кубический метр

      "НДС" - налог на добавленную стоимость