Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 04.02.2020 № 297-55/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкетуге арналған тарифтер қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. "Тұрмыстық қатты қалдықтарды әкетуге арналған тарифтерді бекiту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 22 мамырдағы № 17/2 шешiмiнің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4464 болып тiркелген, 2013 жылдың 26 маусымында "Ақмешіт ақшамы" № 25 (1535) және "Ел тілегі" № 26 (280) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихатының | |
2017 жылғы 22 мамырдағы | |
№85-13/3 шешіміне қосымша |
Қызылорда қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкетуге арналған тарифтер
№ | Атауы | Есептiк бiрлiк |
Баға, теңгемен |
1 |
Заңды тұлғалар және | 1 м3 | 1 786 |
2 | Жеке тұлғалар | 1 адам/айына | 149 |
Аббревиатуралардың таратылып жазылуы:
"м3" - текше метр
"ҚҚС" - қосылған құн салығы