Тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету тарифін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 22 мамырдағы № 17/2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылы 20 маусымда № 4464 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 85-13/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 22.05.2017 № 85-13/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды айына әкету тарифі жабдықталған тұрғын үйлерден-бір адамға 120 теңге мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық
      мәслихатының кезектен тыс
      XVII сессиясының төрағасы М. Кәрімбаев
      Қызылорда қалалық
      мәслихаты хатшысының
      міндетін атқарушы М. Баекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады