"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 3 ақпандағы № 21-қ қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5731 болып тіркелген, 2017 жылдың 13 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
АУДАН ӘКІМІ | М. ОРАЗБАЕВ |
Аудан әкімдігінің 2017 жылғы " 15" тамыз № 136-қ қаулысына қосымша |
2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда ай сайынғы мөлшері (теңге) |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы | ||
Балабақшалар | Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар |
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлемақысының ай сайынғы мөлшері |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлемақысының ай сайынғы мөлшері | |||
1 | Арал ауданы | 1908 | 26295 | 19929 | 13614 | 22690 |