Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 15.08.2017 № 136-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Ж.Әлішеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ | М. ОРАЗБАЕВ |
Аудан әкімдігінің 2017 жылғы "3" ақпандағы № 21-қ қаулысына қосымша |
2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда ай сайынғы мөлшері (теңге) |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы | ||
Балабақшалар | Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар |
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлемақысының ай сайынғы мөлшері |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлемақысының ай сайынғы мөлшері | |||
1 | Арал ауданы | 1908 | 26295 | 19929 | 13614 | 22690 |