2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 136-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 тамызда № 5950 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 3 ақпандағы № 21-қ қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5731 болып тіркелген, 2017 жылдың 13 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      АУДАН ӘКІМІ М. ОРАЗБАЕВ

  Аудан әкімдігінің 2017 жылғы " 15" тамыз № 136-қ қаулысына қосымша

2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда ай сайынғы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы
ата-ана төлемақысының ай сайынғы мөлшері (теңге)

Балабақшалар

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлемақысының ай сайынғы мөлшері
(Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес)

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлемақысының ай сайынғы мөлшері
(Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес)
 

1

Арал ауданы

1908

26295

19929

13614

22690


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады