Арал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы № 111 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 қарашада № 6042 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берілген Арал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының кезекті
он сегізінші сессиясының төрағасы
Т.Бисембаев
      Арал аудандық мәслихатының хатшысы Д.Мадинов

  Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы № 111 шешімімен бекітілген

Арал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1. Жалпы ереже

      1. Арал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және Арал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін анықтайды.

2. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша талаптар

      2. Арал ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылым, мәдениет және білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау және заңдылықты нығайту, қызмет көрсету саласындағы, жастарға тәрбие беру, дене шынықтыру мен спорттағы, әскери, қоғамдық және мемлекеттік және өзін-өзі басқару қызметтерін дамытудағы елеулі жетістіктері, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланысты нығайтудағы табысты жұмыстары, қайырымдылық қызметпен айналысатын және белсенді еңбегі мен қоғамдық – саяси қызметі үшін еңбектерін ардақтау белгісі ретінде аудан азаматтары наградталады.

      3. Құрмет грамотасы:

      1) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мерзімі өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар азаматтар;

      2) сот арқылы іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтар;

      3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған азаматтар;

      4) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған әкімшілік жазасы бар азаматтар наградталмайды.

      4. Құрмет грамотасымен қайта наградтау жүргізілмейді.

      5. Құрмет грамотасы келесі сипаттамаға сәйкес болуы қажет:

      1) мұқабаның биіктігінің төрттен біріндей деңгейде ортасына қарай Қазақстан Республикасының Елтаңбасы орналасқан;

      2) ортадан сәл төменірек: "Құрмет грамотасы" деген сөз жазылған;

      3) оның бірінші бетінде Елтаңба салынған, ал ішкі беттері алтын түстес ұлттық өрнекпен бейнеленген;

      4) ішкі бетіндегі жазулар қазақ және орыс тілдерінде жазылады.

3. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

      6. Құрмет грамотасымен наградтау туралы ұсыныс тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, білімі туралы, жұмыс орны мен атқаратын лауазымы, тиісті ұйымдағы сәйкес кәсібі немесе лауазымы бойынша саладағы жалпы еңбек өтілі, жетістіктері және наградтары мен құрметті атақтары туралы көрсетілген мәліметтер аудан әкімдігіне жолданады.

      7. Құрмет грамотасымен наградтау туралы (тиісті ұйым басшысының қолы және мөрімен) ұсынысты еңбек, шығармашылық ұжымдары, аудандық өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер атынан олардың басшылары енгізеді және дұрыс енгізілген мәліметтер үшін жеке жауапкершілікте болады.

      8. Құрмет грамотасымен наградтау үшін өз кандидатураларын өз бетімен ұсынған азаматтардан келіп түскен материалдар қаралмайды.

      9. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін наградтау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) жіберіледі.

      Комиссияның оң қорытындысына сәйкес аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының (немесе олардың міндеттерін атқарушының) бірлескен өкім шығару арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім қабылданады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 11.07.2024 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе аудандық мәслихаттың төрағасы немесе олардың тапсырысы бойынша өзге тұлға тапсырады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 11.07.2024 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. "Арал ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету шараларын, сондай-ақ Құрмет грамотасымен наградталған азаматтардың есебін жүргізеді.

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Аральского района

Решение Аральского районного маслихата Кызылординской области от 8 ноября 2017 года N 111. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 23 ноября 2017 года N 6042.

      В соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Аральский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое положение о награждении Почетной грамотой Аральского района.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель очередной восемнадцатой
сессии Аральского районного маслихата
Т.Бисембаев
      Секретарь Аральского районного маслихата Д.Мадинов

  Утвержден решением № 111 Аральского районного маслихата от 8 ноября 2017 года

Положение о награждении Почетной грамотой Аральского района

1. Общее положение

      1. Настоящее положение о награждении Почетной грамотой Аральского района разработано в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяет порядок награждения Почетной грамотой Аральского района.

2. Требования по награждению Почетной грамотой

      2. Почетной грамотой Аральского района (далее - Почетная грамота) награждаются граждане района, в знак признания их заслуг за значительные достижения в экономике, социальной сфере, науке, культуре и образовании, здравоохранении, в укреплении законности и правопорядка, в сфере оказания услуг, в воспитании молодежи, физической культуры и спорта, в воинской, общественной и государственной службе и самоуправлении, за плодотворную работу по укреплению дружбы и солидарности между народами и культурных связей, занимающиеся благотворительной деятельностью, за активную общественно-политическую и трудовую деятельность.

      3. Почетной грамотой не могут быть награждены:

      1) граждане имеющие судимость, которая не погашена или не снята в установленном законодательством порядке на момент представления;

      2) граждане признанными судом недееспособными, либо ограниченно дееспособными;

      3) граждане привлеченные за действие коррупционного правонарушения;

      4) граждане имеющие административное взыскание, которое не погашено или не снято в установленном законодательством порядке на момент представления.

      4. Повторное награждение Почетной грамотой не производится.

      5. Почетная грамота должна соответствовать следующим описаниям:

      1) на уровне одной четвертой части высоты посередине обложки расположен Герб Республики Казахстан;

      2) чуть ниже середины написано слово: "Почетная грамота";

      3) на его первой странице нарисован Герб, а внутри страницы изображен национальном орнаментом цвета золото;

      4) надписи внутри производится на казахском и русском языках.

      Порядок награждения Почетной грамотой

      6. Представление о награждении Почетной грамотой направляется в акимат района, в котором указываются: фамилия, имя, отчество, число, месяц, год рождения, сведения об образовании, о месте работы и занимаемой должности, общих стаж работы в отрасли, в соответствующей организации по соответствующей профессии или должности, о достижениях и об имеющихся наградах и почетных званиях.

      7. Представление о награждении Почетной грамотой (с подписью и печатью руководителя соответствующей организации) от имени трудовых, творческих коллективов, районных представительных и исполнительных органов, общественных объединений вносят их руководители и несет персональную ответственность за достоверность внесенных данных.

      8. Материалы, поступившие от граждан самостоятельно представляющих свою кандидатуру для награждения Почетной грамотой, не рассматриваются.

      9. Поступившие документы по награждению Почетной грамотой для предварительного рассмотрения и подготовки предложений по награждению направляются в комиссию при акиме района по награждениям (далее - Комиссия).

      Решение о награждении Почетной грамотой принимается акимом района и председателем районного маслихата (или лиц исполняющих их обязанности) согласно положительному заключению Комиссии путем издания совместного распоряжения.

      Сноска. Пункт 9 – в редакции решения Аральского районного маслихата Кызылординской области от 11.07.2024 № 245 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Вручение Почетной грамоты производится в торжественной обстановке. Почетную грамоту вручает аким района или председатель районного маслихата либо иное лицо по их поручению.

      Сноска. Пункт 10 – в редакции решения Аральского районного маслихата Кызылординской области от 11.07.2024 № 245 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11.Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Аральского района" реализует мероприятия по документационному и иному обеспечению, а также по учету лиц, награжденных Почетной грамотой.