"Арал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы № 111 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 шілдедегі № 245 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 24 шілдеде № 8532-11 болып тіркелді

      Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Арал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы №111 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6042 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Арал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінің 9, 10-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін наградтау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) жіберіледі.

      Комиссияның оң қорытындысына сәйкес аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының (немесе олардың міндеттерін атқарушының) бірлескен өкім шығару арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім қабылданады.";

      "10. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе аудандық мәслихаттың төрағасы немесе олардың тапсырысы бойынша өзге тұлға тапсырады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының төрағасы Б. Турахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады