Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 14.09.2017 № 1189 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2017 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2017 жылға ата - ананың ақы төлеу мөлшері.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А.Есмахановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.
Шиелі ауданының әкімі | Қ. Сәрсенбаев |
Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "24" қаңтардағы № 1004 қаулысына 1-қосымша |
2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Аудан атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны |
1 | Шиелі ауданы | 4150 |
Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "24" қаңтардағы № 1004 қаулысына 2-қосымша |
2017 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері
№ | Аудан атауы | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығын (теңге) |
Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік) | ||
1 | Шиелі ауданы | 24240 |
Шағын орталық | ||
20374 |
Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "24" қаңтардағы № 1004 қаулысына 3-қосымша |
2017 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері | Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері |
1 | Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес | Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес |