2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 1004 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 5705 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 1189 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 14.09.2017 № 1189 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бекітілсін:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2017 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері;

      3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2017 жылға ата - ананың ақы төлеу мөлшері.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А.Есмахановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.

      Шиелі ауданының әкімі Қ. Сәрсенбаев

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "24" қаңтардағы
№ 1004 қаулысына 1-қосымша

2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Аудан атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны

1

Шиелі ауданы

4150

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "24" қаңтардағы
№ 1004 қаулысына 2-қосымша

2017 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері

Аудан атауы

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығын (теңге)

Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік)

1

Шиелі ауданы

24240

Шағын орталық

20374

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "24" қаңтардағы
№ 1004 қаулысына 3-қосымша

2017 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері

1

Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес

Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады