2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 1189 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қыркүйекте № 5974 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шиелі ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. "2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 1004 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5705 болып тіркелген, 2017 жылғы 04 ақпандағы "Өскен – өңір" газетінде және 2017 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А.Есмахановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауданы әкімінің міндетін атқарушы Т. Жағыпбаров

  Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қыркүйектегі № 1189 қаулысына қосымша

Шиелі ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейiнгi тәрбие және
оқыту ұйымдарының әкiмшiлiк-
аумақтық орналасуы
(аудан, қала)

Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушiлер саны

Мектепке дейiнгi ұйымдар ата-аналарының бiр айдағы төлемақы мөлшерi (теңге)

Балабақша

Мектеп жанындағы толық
күндiк
шағын-орталықтар

Мектеп жанындағы жарты
күндiк
шағын-орталықтар
 

Дербес
толық
күндiк
шағын-
орталықтар

Дербес
жарты
күндiк
шағын-орталықтар

Балабақша

Мектеп жанындағы толық
күндiк
шағын-
орталықтар

Мектеп жанындағы жарты
күндiк
шағын-орталықтар

Дербес
толық
күндiк 
шағын-орталықтар

Дербес
жарты
күндiк шағын-орталықтар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1
 

Шиелі ауданы

3800

350

0

0

0

24240

20374

0

0

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады