Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 08.06.2018 № 220 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 19-1 бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 64 "Амангелді ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6648 тіркелген, 2016 жылғы 21 қазанда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакциясына жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезекті төртінші сессия | |
төрағасы | А. Ташимов |
Аудандық мәслихат | |
хатшысы | Қ. Кеделбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Амангелді ауданы әкімдігінің тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Р. Қаирбеков
2017 жылғы "23" ақпан
Мәслихаттың 2017 жылғы 23 ақпандағы № 96 шешіміне қосымша |
|
Мәслихаттың 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 64 шешіміне қосымша |
Амангелді ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтар жинақталуының жылдық нормасы, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,67 |
2 | Интернат | 1 орын | 0,94 |
3 | Қонақ үйлер | 1 орын | 1,7 |
4 | Балабақшалар | 1 орын | 1,21 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,57 |
6 | Емхана | 1 адам | 0,5 |
7 | Аурухана | 1 төсек-орын | 1,17 |
8 | Мектептер | 1 оқушы | 0,17 |
9 | Мейрамхана, дәмханалар | 1 орын | 1,4 |
10 | Мұражай | жалпы алаңы 1 м2 | 0,15 |
11 | Стадион | жоба бойынша 1 орын | 0,15 |
12 | Азық-түлік дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,6 |
13 | Өнеркәсіптік дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,5 |
14 | Базарлар, дүңгіршектер | сауда алаңы 1 м2 | 0,4 |
15 | Автовокзал | жалпы алаңы 1 м2 | 0,15 |
16 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 | 0,5 |
17 | Автомобильді жуу орыны, автожанармай құю станциялары | 1 машина-орын | 1,0 |
18 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,25 |
19 | Шаштараздар | 1 жұмыс орыны | 1,25 |
20 | Моншалар | жалпы алаңы 1 м2 | 1,2 |