Амангелді ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 64 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 қазанда № 6648 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 220 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 08.06.2018 № 220 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 19-1-бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Амангелді аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Амангелді ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Кезектен тыс сессия
      төрағасы К. Әбдікова
      Аудандық мәслихат
      хатшысы Қ. Кеделбаев

      "Амангелді ауданы әкімдігінің тұрғын
      үй-коммуналдық шаруашылық,
      жолаушылар көлігі және автомобиль
      жолдары бөлімі" коммуналдық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ___________________ Р. Қаирбеков

  Мәслихаттың
2016 жылғы 8 қыркүйектегі
№64 шешіміне қосымша

Амангелді ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 23.02.2017 № 96 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).


р/с

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтар жинақталуының жылдық нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,67

2

Интернат

1 орын

0,94

3

Қонақ үйлер

1 орын

1,7

4

Балабақшалар

1 орын

1,21

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,57

6

Емхана

1 адам

0,5

7

Аурухана

1 төсек-орын

1,17

8

Мектептер

1 оқушы

0,17

9

Мейрамхана, дәмханалар

1 орын

1,4

10

Мұражай

жалпы алаңы 1 м2

0,15

11

Стадион

жоба бойынша 1 орын

0,15

12

Азық-түлік дүкендер

сауда алаңы 1 м2

0,6

13

Өнеркәсіптік дүкендер

сауда алаңы 1 м2

0,5

14

Базарлар, дүңгіршектер

сауда алаңы 1 м2

0,4

15

Автовокзал

жалпы алаңы 1 м2

0,15

16

Дәріханалар

сауда алаңы 1

0,5

17

Автомобильді жуу орыны, автожанармай құю станциялары

1 машина-орын

1,0

18

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,25

19

Шаштараздар

1 жұмыс орыны

1,25

20

Моншалар

жалпы алаңы 1 м2

1,2

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады