Мәслихаттың 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 64 "Амангелді ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 96 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 наурызда № 6945 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 220 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 08.06.2018 № 220 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 19-1 бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 64 "Амангелді ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6648 тіркелген, 2016 жылғы 21 қазанда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакциясына жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті төртінші сессия
      төрағасы А. Ташимов
      Аудандық мәслихат
      хатшысы Қ. Кеделбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Амангелді ауданы әкімдігінің тұрғын

      үй-коммуналдық шаруашылық,

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімі" коммуналдық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ___________________ Р. Қаирбеков

      2017 жылғы "23" ақпан

  Мәслихаттың
2017 жылғы 23 ақпандағы
№ 96 шешіміне қосымша
  Мәслихаттың
2016 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 64 шешіміне қосымша

Амангелді ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары


р/с

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтар жинақталуының жылдық нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,67

2

Интернат

1 орын

0,94

3

Қонақ үйлер

1 орын

1,7

4

Балабақшалар

1 орын

1,21

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,57

6

Емхана

1 адам

0,5

7

Аурухана

1 төсек-орын

1,17

8

Мектептер

1 оқушы

0,17

9

Мейрамхана, дәмханалар

1 орын

1,4

10

Мұражай

жалпы алаңы 1 м2

0,15

11

Стадион

жоба бойынша 1 орын

0,15

12

Азық-түлік дүкендер

сауда алаңы 1 м2

0,6

13

Өнеркәсіптік дүкендер

сауда алаңы 1 м2

0,5

14

Базарлар, дүңгіршектер

сауда алаңы 1 м2

0,4

15

Автовокзал

жалпы алаңы 1 м2

0,15

16

Дәріханалар

сауда алаңы 1

0,5

17

Автомобильді жуу орыны, автожанармай құю станциялары

1 машина-орын

1,0

18

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,25

19

Шаштараздар

1 жұмыс орыны

1,25

20

Моншалар

жалпы алаңы 1 м2

1,2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады