Амангелді аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 220 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 маусымда № 7848 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Амангелді аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 64 "Амангелді ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6648 тіркелген, 2016 жылғы 21 қазанда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған);

      2017 жылғы 23 ақпандағы № 96 "Мәслихаттың 2016 жылғы 08 қыркүйектегі № 64 "Амангелді ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6945 тіркелген, 2017 жылғы 7 сәуірде "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен сессия төрағасы Д. Есмағамбетова
      Аудандық мәслихат хатшысы Қ. Кеделбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Амангелді ауданы әкімдігінің тұрғын

      үй-коммуналдық шаруашылық,

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімі" коммуналдық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ___________________ Р. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады