Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2017 жылғы 24 қарашадағы № 138 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда № 7350 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 47 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 01.09.2021 № 47 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 19-1-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 24.10.2019 № 316 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессиясының төрағасы
      аудандық мәслихаттың хатшысы С. Сапабеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Таран ауданы әкімдігінің тұрғын

      үй-коммуналдық шаруашылығы,

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдарының бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _______________ А. Калакпасов

      2017 жылғы 24 қараша

  Мәслихаттың
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 138 шешімімен
бекітілген

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – иесіз қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Иесіз қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Бейімбет Майлин ауданының әкімдігімен (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 24.10.2019 № 316 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Иесіз қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы органымен комиссия құрылады (бұдан әрі – Комиссия).

      Иесіз қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық шаруашылық саласында қызметті жүзеге асыруға уәкілеттілік берген және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемесі болып белгіленеді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 24.10.2019 № 316 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл иесіз қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Иесіз қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Талап етілмеген иесіз қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органымен Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      8. Иесіз қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Иесіз қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан, жойылғаннан кейін иесіз қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Иесіз қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

Решение маслихата Тарановского района Костанайской области от 24 ноября 2017 года № 138. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 7 декабря 2017 года № 7350. Утратило силу решением маслихата района Беимбета Майлина Костанайской области от 1 сентября 2021 года № 47

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Беимбета Майлина Костанайской области от 01.09.2021 № 47 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", маслихат района РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула с изменением, внесенным решением маслихата района Беимбета Майлина Костанайской области от 24.10.2019 № 316 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила управления бесхозяйными отходами признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной сессии
      секретарь районного маслихата С. Сапабеков

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель

      государственного учреждения

      "Отдел жилищно-коммунального

      хозяйства, пассажирского транспорта

      и автомобильных дорог

      акимата Тарановского района"

      _______________ А. Калакпасов

      24 ноября 2017 года.

  Утверждены
решением маслихата
от 24ноября 2017 года
№ 138

Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность (далее – Правила), разработаны в соответствии с Экологическим кодексом Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность (далее – безхозяйные отходы).

      2. Передача бесхозяйных отходов в коммунальную собственность осуществляется на основании судебного решения.

      3. Управление бесхозяйными отходами осуществляется акиматом района Беимбета Майлина (далее – местный исполнительный орган).

      Сноска. Пункт 3 – в редакции решения маслихата района Беимбета Майлина Костанайской области от 24.10.2019 № 316 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Для целей управления бесхозяйными отходами местным исполнительным органом создается комиссия (далее - Комиссия).

      Органом по организации работ по управлению бесхозяйными отходами определяется государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата района Беимбета Майлина" уполномоченный на осуществление функций в сфере коммунального хозяйства и финансируемый из соответствующего местного бюджета.

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным решением маслихата района Беимбета Майлина Костанайской области от 24.10.2019 № 316 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Управление бесхозяйными отходами – это деятельность по оценке, учету, дальнейшему использованию, реализации, утилизации и удалению бесхозяйных отходов.

2. Порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

      6. Учет, хранение, оценка, дальнейшее использование бесхозяйных отходов осуществляется в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833 "Некоторые вопросы учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям".

      7. Организация работы по безопасной утилизации и удалению невостребованных бесхозяйных отходов осуществляется местным исполнительным органом с учетом рекомендаций Комиссии в соответствии с требованиями экологического законодательства Республики Казахстан за счет средств местного бюджета.

      8. Выбор поставщика услуг по утилизации и удалению бесхозяйных отходов осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.

      9. Рекультивация территорий, на которых были размещены бесхозяйные отходы, после реализации, утилизации, удаления бесхозяйных отходов производится в соответствии с требованиями земельного законодательства Республики Казахстан.

3. Заключительные положения

      10. В процессе обращения с бесхозяйными отходами соблюдаются требования, предусмотренные экологическим законодательством Республики Казахстан.