Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 01.09.2021 № 47 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 24 қарашадағы № 138 (2017 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7350 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесінде "аудандық мәслихат" сөз тіркесі "ауданның мәслихаты" деп ауыстырылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Бейімбет Майлин ауданының әкімдігімен (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырылады.";
4-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Иесіз қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық шаруашылық саласында қызметті жүзеге асыруға уәкілеттілік берген және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемесі болып белгіленеді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Курмангалиев |
Аудан мәслихатының хатшысы | С. Сапабеков |