Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 47 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 қыркүйекте № 24315 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 24 қарашадағы № 138 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7350 болып тіркелген);

      2) "Мәслихаттың 2017 жылғы 24 қарашадағы № 138 "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 24 қазандағы № 316 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8719 болып тіркелген).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының хатшысы С. Сапабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады