Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 12.07.2019 № 611/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бірыңғай мемлекеттік сатып алуды жүргізу мақсатында, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып анықталсын.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысына ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Мына:
1) Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 156/3 қаулысының (нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4983 болып тіркелді, 2016 жылғы 18 наурызда № 11 "Ақсу жолы" және "Новый путь" газеттерінде жарияланған);
2) Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 2 тамыздағы "Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 156/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 691/8 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5196 болып тіркелді, 2016 жылғы 12 тамызда № 32 "Ақсу жолы" және "Новый путь" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Қ.З. Арыновқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Дүйсимбинов |
Ақсу қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 31/1 қаулысына қосымша |
Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын
бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 11.09.2018 № 595/9 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ р/н | Атауы |
1 | Қалалық жергілікті атқарушы органдармен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды қарастыратын бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде конкурс (аукцион) әдісімен тауарлар, жұмыстар, қызметтердің мемлекеттік сатып алулары |
2 | Егерде сатып алуға бөлінген лот сомасы (жоспар тармағы) үшмың есе айлық есептік көрсеткіштен асса, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген жүз мың есе айлық есептік көрсеткіштен артық болмаса, конкурс (аукцион) әдістерімен тауарлар, жұмыстар, қызметтердің мемлекеттік сатып алулары |