Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 12.07.2019 № 611/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемелекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 31/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5364 болып тіркелген, "Ақсу жолы" және "Новый путь" газеттерінде 2017 жылғы 10 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Б. С. Умархановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Дычко |
Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 595/9 қаулысына қосымша |
Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын
бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
№ р/н | Атауы |
1 | Қалалық жергілікті атқарушы органдармен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды қарастыратын бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде конкурс (аукцион) әдісімен тауарлар, жұмыстар, қызметтердің мемлекеттік сатып алулары |
2 | Егерде сатып алуға бөлінген лот сомасы (жоспар тармағы) үшмың есе айлық есептік көрсеткіштен асса, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген жүз мың есе айлық есептік көрсеткіштен артық болмаса, конкурс (аукцион) әдістерімен тауарлар, жұмыстар, қызметтердің мемлекеттік сатып алулары |