Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 16.07.2019 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты оңтайлы, тиімді шығындау мақсатында, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді айқындау туралы" № 30 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 4989 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда "Ауыл тынысы" және "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармағындағы "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі" сөздер "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің қаржы сұрақтарға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жариялған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Әмірин |