Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 30.09.2020 № 486/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 22/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5176 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 шілдедегі аудандық "Туған өлке" және "Родные просторы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
10-тармақтың 3) тармақшасында:
бірінші абзацта "7,5" саны "10" санымен ауыстырылсын;
екінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
"осы Қағидалардың 9-тармағының 2-1), 2-4), 3-1), 4-1), 4-2), 4-3) тармақшаларында көрсетілген санаттарға коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеуге 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті ұйыммен ұсынылатын тізімнің негізінде;";
келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"осы Қағидалардың 9-тармағының 2-2), 2-3), 4-4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеуге 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті ұйыммен ұсынылатын тізімнің негізінде.";
11-тармақтың 1) тармақшасындағы екінші абзац алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджеттік тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы, | |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | П. Лампартер |