Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 22/6 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 115/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 шілдеде № 5556 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 486/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 30.09.2020 № 486/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 22/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5176 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 шілдедегі аудандық "Туған өлке" және "Родные просторы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      10-тармақтың 3) тармақшасында:

      бірінші абзацта "7,5" саны "10" санымен ауыстырылсын;

      екінші абзац келесі редакцияда жазылсын:

      "осы Қағидалардың 9-тармағының 2-1), 2-4), 3-1), 4-1), 4-2), 4-3) тармақшаларында көрсетілген санаттарға коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеуге 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті ұйыммен ұсынылатын тізімнің негізінде;";

      келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "осы Қағидалардың 9-тармағының 2-2), 2-3), 4-4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеуге 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті ұйыммен ұсынылатын тізімнің негізінде.";

      11-тармақтың 1) тармақшасындағы екінші абзац алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджеттік тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы,
      Аудандық мәслихаттың хатшысы П. Лампартер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады