1. Лебяжі ауданының Шақа ауылдық округі Шоқтал ауылының аумағында ірі қара мал арасында қарасан ауруын жою бойынша ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар кешенінің орындалуына байланысты белгіленген карантин алынсын.
2. Лебяжі ауданының Шақа ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 14 қарашадағы "Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округі Шоқтал ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5272 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қарашада аудандық "Аққу үні - Вести Акку" газетінің № 48 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен соң бастап қолданысқа енгізіледі.
Шақа ауылдық | |
округінің әкімі | Т. Тлеукенов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы | |
Министрілігі ветеринариялық | |
бақылау және қадағалау | |
Комитетінің Лебяжі | |
аудандық аумақтық | |
инспекциясының басшысы | Ғ. Сағалов |
2017 жылғы "14" ақпан |