Карантинді тоқтату және Шақа ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 14 қарашадағы "Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округі Шоқтал ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 ақпанда № 5392 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Лебяжі ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының ұсынысы негізінде, Шақа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Лебяжі ауданының Шақа ауылдық округі Шоқтал ауылының аумағында ірі қара мал арасында қарасан ауруын жою бойынша ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар кешенінің орындалуына байланысты белгіленген карантин алынсын.
      2. Лебяжі ауданының Шақа ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 14 қарашадағы "Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округі Шоқтал ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5272 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қарашада аудандық "Аққу үні - Вести Акку" газетінің № 48 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен соң бастап қолданысқа енгізіледі.
      Шақа ауылдық
      округінің әкімі Т. Тлеукенов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы
      Министрілігі ветеринариялық
      бақылау және қадағалау
      Комитетінің Лебяжі
      аудандық аумақтық
      инспекциясының басшысы Ғ. Сағалов
      2017 жылғы "14" ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады