Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округі Шоқтал ауылының аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қарашада № 5272 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 3 (алғаш ресми жарияланған күннен соң бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округі әкімінің 14.02.2017 № 3 (алғаш ресми жарияланған күннен соң бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Лебяжі ауданы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының ұсынысы негізінде Шақа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ірі қара малынан қарасан ауруының анықтауына байланысты Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округі Шоқтал ауылының аумағында карантин белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Шақа ауылдық
      округінің әкімі Т. Тлеукенов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы
      Министрілігі ветеринариялық
      бақылау және қадағалау
      Комитетінің Лебяжі
      аудандық аумақтық
      инспекциясының басшысы Ғ. Сағалов
      2016 жылғы "14" қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады