Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 15.07.2020 № 306/61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 22 желтоқсандағы "Успен аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 61/11 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 қаңтарында аудандық "Аймақ ажары" және "Огни села" газеттерінің № 4 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Успен аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларына және оның сипаттамасына:
8 тармақта "19 x 6,5" сандары "7 x 21" сандарына ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Успен аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-құжаттамалық бөлімінің басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Смагулова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р. Бечелова |