Успен аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы "Успен аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 61/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 79/17 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 шілдеде № 5551 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 шілдедегі № 306/61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 15.07.2020 № 306/61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 22 желтоқсандағы "Успен аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 61/11 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 қаңтарында аудандық "Аймақ ажары" және "Огни села" газеттерінің № 4 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Успен аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларына және оның сипаттамасына:

      8 тармақта "19 x 6,5" сандары "7 x 21" сандарына ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Успен аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-құжаттамалық бөлімінің басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Смагулова
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Бечелова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады