Успен аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 шілдедегі № 306/61 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 шілдеде № 6876 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Успен аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы "Успен аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 61/11 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 қаңтарда "Аймақ ажары", "Огни села" аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Успен аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы "Успен аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы "Успен аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 61/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 79/17 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5551 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Ж. Бараисов
      Успен аудандық мәслихатының хатшысы Р. Бечелова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады