Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 46/3 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 4414 тіркелген, 2015 жылғы 2 мамырдағы "Аймақ ажары" және "Огни села" аудандық газеттерінде № 17 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Саламацкий |