"Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 46/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 сәуірде № 4414 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 128/6 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 29.06.2017 № 128/6 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Успен ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Қоса беріліп отырған "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
       Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
       Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі Б. Демеуов

  Павлодар облысы
Успен ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "2" наурыздағы
№ 46/3 қаулысымен
бекітілді

"Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі
және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Успен ауданындағы мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып келеді.
      2. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзгеде нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
      4. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі – мемлекеттік мекеменің құқықтық-ұйымдастыру нысанында заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрімен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес қазынашылық басқармасында есеп-шоттары бар.
       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан енеді.
       Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жағынан сөз сөйлеуге құқығы бар.
       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіпте өзінің құзыреттілігі шеңберіндегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзгеде актілер және мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер шығарады.
       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңды мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141000,Успен ауданы, Успен ауылы, Семенченко көшесі, 29.
       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден сағат 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден сағат 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
       Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Успенского района".
       Успен ауданының әкімдігі мемлекет атынан "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
       Осы Ереже "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысы аудандық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысы болып табылатын міндеттерге кәсіпкерлік субъектілермен келісім шарт жасасуға салынады.
      Егер "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілсе, онда бұл қызметтерден түскен табыстар мемлекеттік бюджетке аударылады.

2. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі
және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты,
міндеті, құқығы, қызметі және негізгі тапсырмалары

       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мәдениет, тілдерді дамыту салаларындағы мемлекет саясатын жүзеге асыру.
       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты: Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,дене тәрбиесі және спорт саласын дамыту, азаматтардың конституциялық құқықтарын және бостандығын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет саясатын іске асыру.
       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мәні мәдениет,тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт кешенінің жұмысын ұйымдастыру, мониторингін жүргізу, үйлестіру мәселелерінде іс-шараларды аудандық деңгейде іске асыру болып табылады.
       Міндеттері:
      1) аудандағы мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт аясындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт аясындағы бағдарламалық құжаттарды құру;
      3) мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт мәселелері бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жұмысын үйлестіреді;
      4) тұрғындарды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту;
      5) мәдениеттік қызмет көрсетуде, мәдени құндылықтарды құру, қолдану және тарату шеңберінде аудан азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
      6) қазақ және өзгеде ұлттық мәдениеттің таралуын, дамытылуын, сақталуын және жандандырылуларын қамтамасыз ету;
      7) тарихи-мәдени мұраны сақтау және оның сақталуы үшін жағдай жасау.
      Қызметі:
      1) мәдениет және спорт объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз етеді;
      2) мәдениет саласында көркемдік білім және ғылыми-педагогикалық қызмет, эстетикалық тәрбие беру үшін жағдайлар туғызады;
      3) спорт түрлері бойынша аудандық спорттық қоғамдық-мәдени іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
      4) ұлттық-мәдени бірлестіктерімен және өзгеде қоғамдық ұйымдармен жұмысты жүзеге асырады;
      5) "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыреттігіне енетін ұйымдастыру-әдістемелік және ақпараттық-аналитикалық жұмысты орындайды;
      6) ауданда тұратын халықтардың рухани дәстүрлерін, мемлекеттік және ұлттық тілдерін дамытудың мемлекеттік саясат саласындағы әдістемелік шараларды жүзеге асырады;
      7) тілдерді дамыту мен үйрену үшін жағдайлар жасау және жәрдемдесу, тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін іске асырады;
      8) мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық салаларында қолданылуын қамтамасыз ету және ауданда тіл саясатын жүргізеді;
      9) этникалық топтар тілдерін дамыту, орыс тілінің жалпы мәдени функцияларын сақтауды қамтамасыз етеді;
      10) аудан тұрғындарының мәдени қажеттілігін болжауды қамтамасыз ету, ауданда кәсіби - мәдени қызмет көрсету жүйесін қамтамасыз етеді;
      11) мәдениет мекемелерінің көркем оқу-әдістемелік, ақпараттық әдебиет пен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізеді;
      12) мәдени-сауықтыру жұмыстары мен аудандық кітапханалар жұмысын қолдай отырып, мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту;
      13) ауданда ақпараттық, білімдік және мәдени-ағартушылық қызметтер үшін жағдай жасайды;
      14) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларының жойылуы және құрылуы туралы актілерді жетілдіру, әкімдік шешімі бойынша аудандық коммуналдық заңды тұлғасының жойылуы және таратылуын жүзеге асырады;
      15) "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің жұмысының тиімділігіне баға беру;
      16) қоғаммен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы байланыс орнатып оны одан әрі дамыту;
      17) "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарын құрады;
      18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметтер көрсетудің қол жетімділігін және сапалылығын қамтамасыз етеді;
      19) Қазақстан Республикасының Заңнамасымен қарастырылған басқа да қызметтерді атқару.
       Құқығы және міндеті:
      1) заңмен қойылған ретте өз қызметін орындау үшін мемлекеттік органдардан, қызметтегі тұлғалардан, өзгеде кәсіпорындар мен азаматтардан талап етуге;
      2) мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт саласында мемлекеттік орган қызметінің кәсіпорындарын жетілдіру бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізуге;
      3) "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін жүргізуге қатысты ақпараттық-талдау және басқа да материалдарды дайындау қамтамасыз етеді;
      4) жергілікті орындаушы органдар өткізетін шараларға қатысуға;
      5) "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзырына енетін аудандық бағдарламалардың қаржылануын жүзеге асыруға;
      6) мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт саласында кәсіпорындарға ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзгеде көмек көрсетуге;
      7) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын өзге атқарушы органдардың мамандарын басшылығымен келісу бойынша жұмысқа тартуға;
      8) өз құзыреті ішігінде келісімдер және басқа да заңды мәмілелер жасайды;
      9) заң шығарушы актілермен қарастырылған басқа да құқықтарды іске асыру.

3. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі
және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдастыру

       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылығы бірінші басшымен жүзеге асып, "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттермен олардың функцияларының орындалуына дербес жауапкершілікті жүргізеді.
       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы лауазымға аудан әкімімен тағайындалады және босатылады.
       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды және босатады;
      2) өз құзыреттігіне байланысты сұрақтары бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне міндетті түрде орындайтын тапсырмалар береді;
      3) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан шығады;
      4) құжат айналымын ұйымдастыруды, кадрлық қызмет жұмысын, орындаушы және еңбек тәртібін сақтауды бақылайды;
      5) "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуларды өткізуді ұйымдастырады;
      6) "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне сыйақы, қосымша төлем, материалдық көмек көрсету, еңбек демалыстарын ұсыну және іссапар сұрақтарын шешеді;
      7) заң мен қойылған тәртіпте "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза қояды;
      8) "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жемқорлыққа қарсы қойылған іс-әрекетке бағытталған шаралар қолданады, жемқорлыққа қарсы қойылған шараларды қолданғаны үшін жауапкершілік тартады;
      9) "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын өзгеде сұрақтар бойынша шешімдер қабылдайды;
      "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының болмау кезеңінде өкілеттілікті орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның ауыстырушы мен жүзеге асырылады.
       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесімен тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігімен оның еңбек ұжымының өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және ұжымдық шартпен реттеледі.

4. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі
және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлігі

       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органы "Успен ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
       Уәкілетті органға мәліметтерді ұсыну мен мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділік мониторингімен жыл сайынғы есебі "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесімен өткізіледі.
       Заңнамада көрсетілген жағдайларға байланысты "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі жедел басқару құқығында оқшау мүлікке ие болады.
      "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлігімен иесі берген мүлік есебінен, сонымен бірге (ақшалай табысты қосқанда) Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған қызмет және басқа да көздер нәтижесінде сатып алудан қалыптасады.
       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басқа да заңнамада белгіленбеген қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеленуге немесе иелігінен шығаруға құқығы жоқ.

5. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,
дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және тарату (қысқарту)

       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің таратылуы және қысқартылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі таратылған кезде, кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

6. "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,
дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басқаруындағы мекемелердің тізімі

       "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында келесі ұйым бар:
      1) Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің "Сауық – орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      2) Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің "Успен ауданының тарихи–өлкетану мұражайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      3) Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің "Успен ауданының балалар–жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      4) "Успен орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады