Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 46/3 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 128/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 шілдеде № 5574 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 46/3 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 4414 тіркелген, 2015 жылғы 2 мамырдағы "Аймақ ажары" және "Огни села" аудандық газеттерінде № 17 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Саламацкий

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады