Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 11.02.2021 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындарының санынан мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 09.10.2018 № 387 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. | Т. Есжанов |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "06" қаңтардағы № 02 қаулысына қосымша |
Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындарының санынан мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 31.01.2019 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы əкімдігінің 13.03.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Ұйымның атауы | Жұмысшылар саны | Квота мөлшері (жұмысшылар санынан %) | Орнатылған жұмыс орын квотасы |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің Қызылжар аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Бәйтерек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 96 | 2% | 2 |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің Қызылжар аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Шаховское орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 58 | 2% | 1 |
"Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 93 | 2% | 2 |
"Қызылжар аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 2% | 1 |