Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 11.02.2021 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 02 (2017 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4027 болып тіркелді) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылжар ауданының әкімі | Ж. Сәдуақасов |
Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындарының санынан мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы
Ұйымның атауы | Жұмысшылар саны | Квота мөлшері (жұмысшылар санынан %) | Орнатылған жұмыс орын квотасы |
"Петерфельд-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 2% | 1 |
"Больмалышенское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 52 | 2% | 1 |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің Қызылжар аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Бәйтерек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 96 | 2% | 1 |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің Қызылжар аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Шаховское орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 58 | 2% | 1 |