Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 02 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 4027 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 54 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 11.02.2021 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындарының санынан мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 09.10.2018 № 387 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3 Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а. Т. Есжанов

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "06" қаңтардағы № 02 қаулысына қосымша

Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындарының санынан мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 31.01.2019 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы əкімдігінің 13.03.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Ұйымның атауы

Жұмысшылар саны

Квота мөлшері (жұмысшылар санынан %)

Орнатылған жұмыс орын квотасы

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің Қызылжар аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Бәйтерек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

96

2%

2

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің Қызылжар аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Шаховское орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

58

2%

1

"Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

93

2%

2

"Қызылжар аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

2%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады