Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы №02 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 387 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 қарашада № 4969 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 54 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 11.02.2021 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 02 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4027 болып тіркелді, 2017 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының мемлекеттік тіліндегі 1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындарының санынан мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін";

      орыс тіліндегі 1-тармағы өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылжар ауданының әкімі Ж. Сәдуақасов

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "09" қазандағы № 387 қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "06" қаңтардағы № 02 қаулысымен бекітілген

Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындарының санынан мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмысшылар саны

Квота мөлшері (жұмысшылар санынан %)

Орнатылған жұмыс орын квотасы

"Петерфельд-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

2%

1

"Больмалышенское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

52

2%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады