Жылыой ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 212 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 шілдеде № 3918 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 наурыздағы № 92 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 26.03.2024 № 92 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімінің 18.10.2017 № 376 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабын және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұйымдардағы қызметкерлердің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде Жылыой ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімінің 18.10.2017 № 376 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Н. Өмірбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Ізбасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады