Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 26.03.2024 № 92 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 212 "Жылыой ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" қаулысына (бұдан әрі - қаулы) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3918 болып тіркелген, 2017 жылғы 02 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) қаулының тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын: "Жылыой ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгілеу туралы";
2) мемлекеттік тілдегі мәтінде қаулының 1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Ұйымдардағы қызметкерлердің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде Жылыой ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгіленсін".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Н. Өмірбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Құттұмұрат-ұлы |