Жылыой ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 наурыздағы № 92 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 наурызда № 5164-06 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Жылыой ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 212 "Жылыой ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3918 болып тіркелген) және Жылыой ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қазандағы № 376 "Жылыой ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 212 "Жылыой ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3984 болып тіркелген) кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жылыой ауданының әкімі Ж. Каражанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады