Жылыой ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 212 "Жылыой ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қазандағы № 376 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қарашада № 3984 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 наурыздағы № 92 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 26.03.2024 № 92 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 212 "Жылыой ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" қаулысына (бұдан әрі - қаулы) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3918 болып тіркелген, 2017 жылғы 02 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) қаулының тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын: "Жылыой ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгілеу туралы";

      2) мемлекеттік тілдегі мәтінде қаулының 1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Ұйымдардағы қызметкерлердің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде Жылыой ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгіленсін".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Н. Өмірбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Құттұмұрат-ұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады