Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 13.06. 2019 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұсынылып отырған Мақат ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 136 "Мақат ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің мемлекеттік тапсырысын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3598 санымен тіркелген, 2016 жылғы 8 қыркүйекте аудандық "Мақат тынысы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Гумаровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы |
Ж. Гумаров |
Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "02" қазан № 172 қаулысымен бекітілді |
Мақат ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерінде тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшері айына (теңге) | Мектепке дейінгі білім мекемелерінде ата-ана төлемақысының мөлшері айына (теңге) | ||||
Жергілікті бюджет есебінен | Балабақша | Шағын орталық | Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) | Айына бір баланың тамағына шығын теңге (көп емес) | ||
Бөбекжай | Бақша | Бөбекжай | Бақша | |||
1688 | 22564 | 11282 | 400 | 450 | 8800 | 9900 |