Мақат ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 02 қазандағы № 172 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 қазанда № 3960 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 13.06. 2019 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұсынылып отырған Мақат ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 136 "Мақат ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің мемлекеттік тапсырысын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3598 санымен тіркелген, 2016 жылғы 8 қыркүйекте аудандық "Мақат тынысы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Гумаровқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы
Ж. Гумаров

  Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "02" қазан № 172 қаулысымен бекітілді

Мақат ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерінде тәрбиеленушілердің саны
 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшері айына (теңге)

Мектепке дейінгі білім мекемелерінде ата-ана төлемақысының мөлшері айына (теңге)

Жергілікті бюджет есебінен

Балабақша

Шағын орталық

Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)

Айына бір баланың тамағына шығын теңге (көп емес)

Бөбекжай

Бақша

Бөбекжай

Бақша

1688

22564

11282

400

450

8800

9900


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады