Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 02.10.2017 № 172 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұсынылып отырған Мақат ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің мемлекеттік тапсырысы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х. Тулеуішовке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Сарсенгалиев |
Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы " 08 " тамыздағы № 136 қаулысымен бекітілді |
Мақат ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің мемлекеттік тапсырысы
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерінде тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі мекемелерде жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері айына (теңге) | Мектепке дейінгі білім мекемелерінде ата-ананың ақы төлеу мөлшері айына (теңге) | ||||
Республика лық бюджет есебінен | Жергілікті бюджет есебінен | Балабақша | Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) | Айына бір баланың тамағына шығын теңге (көп емес) | ||
Бөбекжай | Бақша | Бөбекжай | Бақша | |||
605 | 719 | 22564 | 400 | 450 | 8800 | 9900 |