Мақат ауданының мектепке дейінгі ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 106 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 маусымда № 4422 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 08.04.2021 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес Мақат ауданының мектепке дейінгі ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 02 қазандағы № 172 "Мақат ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3960 санымен тіркелген, 2017 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақат ауданы әкімінің орынбасары Н. Ерғалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Карағаев

  Мақат ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "13" маусымдағы № 106 қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мемлекеттік білім беру тапсырысының атауы

Бір айға төлемақы

Толық күн болатын мектепке дейінгі ұйымдардағы бір тәрбиеленуші үшін

30250 теңге 50 тиын

Шипажай типіндегі мектепке дейінгі ұйымдардағы бір тәрбиеленуші үшін

41331 теңге 80 тиын

Мектеп жанындағы шағын орталықтағы бір тәрбиеленуші үшін

21650 теңге 90 тиын

Жарты күн болатын шағын орталықтағы бір тәрбиеленуші үшін

12498 теңге 70 тиын

  Мақат ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "13" маусымдағы № 106 қаулысына 2-қосымша

Ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары

Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін (теңге)

Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 5 жасқа дейін (теңге)

1

Балабақшалар

400

450


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады